Аббосбек Файзуллаев: “Ұпай алатын мүмкіндігіміз бар еді” – Өзбектердің өкініші

Бүгін, 13:26

Көршілес Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатының алғашқы турында Колумбияға есе жіберді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Аббосбек Файзуллаев: “Ұпай алатын мүмкіндігіміз бар еді” – Өзбектердің өкініші

Ойыннан кейін Өзбекстан құрамасының жартылай қорғаушы Аббосбек Файзуллаев Upl.uz сайтына берген сұхбатында іштегі өкінішін жасыра алмай, жанкүйерлердің жүрегін елжіреткен мәлімдеме жасады.

Өзбекстан тарихындағы ӘЧ-дағы алғашқы голды соққан Аббосбек Файзуллаев бұл кездесуде команданың барын салғанын, бірақ басындағы қобалжу мен сорақы қателіктер бәрін құртқанын ашық мойындады.

“Біз бұл нәтижеге өте қатты ренжуліміз. Кем дегенде бір ұпай еншілеп қайтуға толық мүмкіндігіміз бар еді. Матчтың алғашқы минуттарында жігіттерде үлкен қобалжу мен үрей болды.” — деді Файзуллаев.

Шабуылшы екінші таймда команданың ширақ қимылдағанын, бірақ өздері жіберген өрескел қателіктің кесірінен қақпаларына екінші голды өткізіп алғанын айтты. Оның пайымдауы бойынша, бұл сәт бүкіл ойынның тағдырын шешіп, команданы психологиялық тұрғыдан құлатқан.

“Өз қателігімізден гол жіберіп алу өте ауыр әрі сұмдық ащы соққы болды. Ішіміз қан жылап тұр."

Аббосбек жеңілістің ауырлығына қарамастан, мыңдаған шақырым жерге арнайы келген және отанында таң атпастан теледидар алдында тағатсыздана күткен күллі Өзбек халқына шексіз алғысын білдірді. 

“Бізді қолдаған әрбір жанға басымызды иеміз. Енді бүкіл назарымызды алдағы қалған екі маңызды матчқа аударамыз. Қателіктен қорытынды шығарып, соңғы деміміз қалғанша айқасамыз." — деп уәде берді ол.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×