Абдел-Кәрім Фахтали: Қазақстан мен Марокконың ұқсастығы көп екен

18.08.2012, 05:17
Абдел-Кәрім Фахтали: Қазақстан мен Марокконың ұқсастығы көп екен
Мен мұсылманм
ын. Ислам дінін ұста­намын. Ораза тұтамын. Бұл – көп жыл­дан бергі дағдым. Оған қоса бес уақыт на­ма­зымды қаза етпеуге тырысамын. Бұл әрбір мұсылман баласының басты мін­де­тінің бірі болса керек-ті. Отб
асым, не­гі­зі­нен, Голландия астанасы Амстердам қала­сын­да тұрады. Әрбір жұма сайын сондағы мешітке бас сұғу б
асты парызымызға айнал­ған.
Екінші айналым басталар алдында Қызылорданың «Қайсар» командасы құрамына жаңадан ойыншылар келді. Олардың арасында шыққан тегі марокколық Голландия азаматы Абдел-Кәрім Фахтали де бар. Ол өзі қатысқан тұсаукесер кездесуінен бастап-ақ жанкүйерлердің көңілінен шықты. Бүгінгі күні мұсылмандық дәстүрмен ораза тұтып, ауыз бекітіп жүрген футболшыға алғашқы қойған сауалымыз да бес парыздың бірін өтеуге байланысты болды. – Кәрім, ораза тұтып жүргеніңізге көп болды ма? – Мен мұсылманмын. Ислам дінін ұста­намын. Ораза тұтамын. Бұл – көп жыл­дан бергі дағдым. Оған қоса бес уақыт на­ма­зымды қаза етпеуге тырысамын. Бұл әрбір мұсылман баласының басты мін­де­тінің бірі болса керек-ті. Отбасым, не­гі­зі­нен, Голландия астанасы Амстердам қала­сын­да тұрады. Әрбір жұма сайын сондағы мешітке бас сұғу басты парызымызға айнал­ған. Қызылордада әзірге мешітке бас сұққан жоқпын. Жақын күндері баруға тырысамын. – Өзіңнің отбасың жайлы айтып өт­сең. Голландияда қашаннан бері тұра­сыңдар? – Мен 1988 жылы Марокконың Бени Саид қаласында өмірге келгенмін. Үш жа­сымда ата-анам Голландияға қоныс аудар­ған. Әкемнің есімі Ахмет, ол кісі 72 жас­та. Анам Фатима биыл 63-ке толады. Олар зейнеткер. Отбасында жеті баламыз, алты ұл, бір қыз. Мен кенжесімін. – Тарихи отаныңа барып тұрасың ба? – Жылма-жыл ат басын бұрамын. Ма­рок­ко мен Қазақстан бір-біріне ұқсас ел. Онда мұсылмандар көп тұрады. Сіздерде де солай. Менің кіндік қаным тамған Бени Саид пен қазір өмір сүріп жатқан Қызыл­орданың ұқсас жағы аз емес. Табиғат жағ­дайы бір-біріне келіңкірейді. Адамдардың мінез-құлқы да онша алшақ емес. Екі елдің халқы да бауырмал, кішіпейіл, адам­гер­шілігі зор. – Мароккода арабтармен бірге бер­бер ұлты да тұрады. Сенің ұлтың қан­дай? – Мен бербермін. Өкініштісі, біздің ұлт­ты көп адам біле бермейді. Қысқаша мағ­лұмат бере кеткенімнің артықтығы болмас. Берберлер әлемнің көптеген елін­де тұрады. Жалпы саны 23 млн адам­нан асады. Басым бөлігі Марокко мен Ал­жир­де өмір сүреді. Сондай-ақ Африк­а­ның Еги­пет, Ливия, Тунис, Мавритания, Мали, Ни­гер секілді бірнеше мем­лекетінде қоныс теп­кен. Ал Еуропаның Испания, Фран­ция, Гол­ландия ел­де­рінде де берберлер бар. Мен өзімнің ана тілімді жақ­сы білемін. Туған жерден жы­рақ жүрсек те, ата-ана­мыз бізге солай үйреткен. – Сен үш жасыңда Голлан­дияға келсең, осы елдің фут­бол мектебінен тәлім алған болдың ғой... – Дәл солай. Балалар секілді көшеде доп қудым. Есейе келе бап­керлер көзі­не түстім. Қыз­ғалдақты ел­дің бірқатар кәсіби клуб­тарында өнер көрсеттім. Олардың қатарында НЕК (Ней­мен­ген), «Осс», «Ом­ни­уорлд», РКС «Валвейк» ұжымдары бар. Биыл «Қай­сар» тарапынан ұсы­ныс болып, Қазақстанға келдім. – Байқасақ, әрбір коман­да­ның бір жылдан артық жей­десін киген жоқ екенсің. Оның сыры неде? – Өздеріңіз білесіздер, Голландия – талай талантты түлеткен ел. Онда футбол­шы­лар арасында бәсеке мықты. Кейде қосал­қы құрамда көп уақыт отырып қалуың ғажап емес. Футболда ондай бол­майды. Үнемі ізденісте жүресің. Тәжірибе жинақтамасаң, тағы да болмайды. Менің бір­неше ұжымда ойнауымның басты себебі осында. – Кезінде Марокко елінің құрамасы әлемдік футболда жақсы ойын өр­не­гімен көзге түскен еді. Өкінішке қарай, бүгінгі күні ондай биікте жүрген жоқ. Оның сыры неде деп ойлайсың?  – Сөзіңіздің жаны бар. Марокко фут­бол­шылары әлем біріншілігінде алғаш 1970 жылы бақ сынаған. 1986 жылы дүбірлі доданың 1/8-финалдық ойын­да­рына қатысты. Сондай-ақ 1994, 1998 жыл­дары да осы доданың дәм-тұзын татып қайтты. Дегенмен соңғы кездері он­дағы футболда құлдырау байқалып тұр. Мұндай жағдай кез келген құраманың басынан өтеді. – Голландияда Мұрат Онал деген қазақ футболшысы бар. Сен онымен таныс па едің? – Иә, оны білемін. Екеуміз бір қалада тұрамыз. Оның шеберлігі жайлы айта алмай­мын. Мұраттың бірнеше кездесудегі ойынын ғана көрдім. – Сен әлі жассың. Әлі Еуропаның бе­делді клубтарынан ұсыныс түсуі де мүм­кін еді. Голландияда қала тұр­мадың ба? – Әрине, ешкім келешегінің қалай бола­рын алдын ала болжап біле алмайды ғой. Бірақ мен Қазақстанға келгеніме еш өкінбеймін. «Қайсардың» сапында жақсы ойын өрнегін көрсетуге күш саламын. Коман­даның биылғы біріншілікте жоғары орыннан көрінуіне өз үлесімді қоссам деймін. Менің қазіргі ойым осы болып тұр. – Жасыл алаң төрінде сенің қар­сы­ласты оп-оңай алдап кеткен сәтіңді та­лай мәрте көрдік. Оны қайдан үйреніп едің? – Мен де бала болып көшеде доп теп­тім. Күнұзақ достарыммен футбол ойнай­тын едік. Сол бір кезде үйренген тәсілдерім ғой. Кейіннен кәсіби тұрғыда футболға бет бұр­ғанымда оны дамыта түстім. – Қазақ тағамдарынан дәм татып көрдің бе? – Мароккода жылқы етін жемейді. Сиыр, қой етін тұтынады. Сонымен қатар біз де түйе мен жылқы сүтін ішпейміз. Сіз­дер тұтынатын тағамдардан айыр­ма­шы­лық – осы. Қазақ дәмінен ауыз тидім. Ет тағамын жедім. Бауырсақ та ұнады.  

Әділжан ҮМБЕТ

алаш арена

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×