«Тұран» командасының бас бапкері Абдухалык Бөрібаев «Ордабасыға» қарсы өткен жеңісті матч туралы пікір білдірді:
- Абдухалык Құрбанбайұлы, сізді «Тұранның» осы маусымдағы алғашқы жеңісіңізбен құттықтаймын! Соңғы ысқырықтан кейін қандай эмоциялар болды?
- Құттықтауларыңызға рахмет! Жеңістен кейін әдеттегідей өте жағымды эмоциялардың болатыны анық. Бірақ біз жеңісті ұзақ уақыт тойлай алмаймыз, себебі келесі матчқа дайындықты бастадық.
- Жеңісті гол Стэнли Нкоби мен Темірлан Әміров арасындағы позицияларды өзгерткеннен кейін соғылды. Нәтижесінде дәл пасты Стенли асырды, ал Амиров гол соқты. Бұл сәттілік әкелді деп ойлайсыз ба?
- Ойынның тактикалық үлгісіне сүйене отырып, осы екі ойыншының позициясын өзгерту керек болды. Стэнли шабуыл шебінде айтқан нұсқаулардан кейін қателікке бой алдырып жатты. Ал, Темірлан болса менің нұсқауларымды жақсы түсінді, сондықтан мен одан Нкобимен ауысуын өтіндім. Бұл екі ойыншының орындарын ауыстыруы белгілі бір деңгейде жоспарланған іс болды деп айтуға болады.
- Ойынға бір күн қалғанда облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев командамен кездесті. Облыс басшысының командаға арнайы келіп, қолдау көрсетіп, жігіттерді жігерлендіргені жеңіске жетуге әсер етті деп айта аласыз ба?
- Облыс әкімімен кездесу командаға керемет көңіл-күй сыйлап қана қоймай, үлкен әсер етті. Өмірзақ Естайұлы жігіттерге барлығын сауатты түсіндіріп берді. Сонымен қатар футбол клубтарын дамытуда үлкен тәжірибесі бар екенін айтты. Менеджмент пен жаттықтырушылар құрамына қолдау білдірді. Команда құрамымен әңгімелесу кезінде ойын бар екенін және біздің дұрыс жолда екенімізді атап өтті. Осылайша Өмірзақ Естайұлы өткен ойындарға өз бағасын берді. Ойын тұрғысынан біз дұрыс жолдамыз деген пікірін есту өте жағымды болды. Біздің әкім шынымен де футболды білетіндігін атап өткім келеді. Ол біздің барлық матчтарды бақылайтынын білемін. Ол ойыншыларға жеңу керек екенін, содан кейін бәрі басқаша болатынын, жанкүйерлер жеңіске лайық екенін айтты! Жігіттер дұрыс түсінді, басқа мотивацияның қажеті жоқ еді! Біздің ойыншылар алаңға шығып, өздерінің не істеуге қабілетті екендіктерін көрсетті!
- Жас футболшылар Алияр Мұхаммед, Нұрғайни Бөрібаев және Асылжан Аббас ойынға сәтті кірісті. Бұл аяқ доп шеберлері қазірдің өзінде жоғарғы дивизионда ойнауға дайын деп айта аламыз ба?
- Оларға ойын практикасы қажет болды. Алияр мен Нұрғайни өз жасындағы Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары. Сондықтан да оларды көбірек ойнатып, шеберліктерін арттыру қажет. Мұхаммед бұған дейін де негізгі құрамда бірнеше матч өткізген. Біз қазірдің өзінде Нұрғайни мен Аббасты ойынға жиі қосып, шеберліктерін арттырудамыз. Қазіргі уақытта олар негізгі құрамда ойнауға жүз пайыз дайын деп айта алмаймын, бірақ олар қазірдің өзінде өздерінің ойындарымен дәлелдеуде. Ең бастысы, олар менің талаптарымды және мен қандай футбол ойнағым келетінін түсінеді. Жаттықтырушы берген нұсқауды толық орындайды. Бұл ең маңызды іс деп білемін. Әр ойыншы өзін өсіру үшін, еңбектену керек.
Біздің серіктес: FONBET