Вагнер Лав екі матчқа шеттетілді

06.05.2021, 00:26
Үш бірдей клубқа айыппұл салынды.
Вагнер Лав екі матчқа шеттетілді

4 мамырда Бақылау-тәртіптік комитеттің отырысы өтті, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі

VIII тур

«Қайрат» - «Ордабасы»

Допқа ойнау мүмкіндігімен шамадан тыс күш қолданып, дөрекі ойнағаны үшін, Тәртіптік ереженің 44-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, «Қайрат» командасының ойыншысы Вагнер Лав екі матчқа шеттетіледі. Жаза мерзімі 2021 жылдың 30 сәуірінен бастап есептеледі.

IX тур

«Атырау» - «Каспий»

2021 жылғы ҚКФЛ-ның матчтарды өткізу ережесіне сәйкес, ойын кезінде жанкүйерлерді стадиондардың трибуналарына кіргізу ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін, сондай-ақ жанкүйерлерде билеттердің болмауына байланысты «Атырау» клубына 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, бұл 583 400 теңгені құрайды. «Атырау» ФК айыппұлды 2021 жылдың 4 маусымына дейін төлеуі тиіс.

«Ақтөбе» - «Астана»

2021 жылғы ҚКФЛ-ның матчтарды өткізу ережесіне сәйкес, ойын кезінде жанкүйерлерді стадиондардың трибуналарына кіргізу ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін, жанкүйерлердің дұрыс емес қылықтарына байланысты «Ақтөбе» клубы 200 АЕК көлемінде айыппұл арқалады, бұл 583 400 теңгені құрайды. «Ақтөбе» ФК айыппұлды 2021 жылдың 4 маусымына дейін төлеуі қажет.

«Қызыл-Жар» - «Қайрат»

Команданың бес ойыншысының ескерту алуына байланысты көрсетілген команданың тәртіпсіз қылығы үшін, Тәртіптік ереженің 48-бабының 1-тармағына сәйкес, «Қызыл-Жар» клубына 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды, бұл 291 700 теңгені құрайды. «Қызыл-Жар» ФК айыппұлды 2021 жылдың 4 маусымына дейін төлеуі тиіс

«Ордабасы» - «Тұран»

Қарсыласын гол соғудың айқын мүмкіндігінен айырғаны үшін, Тәртіптік регламенттің 44-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, «Ордабасы» командасының ойыншысы Бағдат Қаиров бір матчқа шеттетілді. Жаза мерзімі 2021 жылдың 4 мамырынан бастап есептеледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×