«Челси» - «Реал Мадрид»: сандар сөйлейді

05.05.2021, 19:31
Алғашқы кездесу 1:1 есебімен аяқталған болатын.
«Челси» - «Реал Мадрид»: сандар сөйлейді

Бүгін Чемпиондар Лигасының финалына арналған екінші жолдама сарапқа салынады. "Челси" "Стэмфорд Бридж" стадионында "Реал Мадридті" қабылдайды. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады.

Алғашқы матч қалай аяқталды?

"Челси" Испания астанасында керемет өнер көрсетті. Ойынның 14-минутында Кристиан Пулишич есеп ашты. Алайда, көп ұзамай Карим Бензема тамаша соққы жасап, таразы басын тең қылды. Осыдан кейін командалар қауіпті сәттер ұйымдастыра алмады.

Бүгінгі матчқа шығуы мүмкін құрам

"Челси": Менди; Кристенсен, Тиаго Силва, Рюдигер; Аспиликуэта, Жоржиньо, Канте, Чилуэлл; Пулишич, Вернер, Маунт

"Реал Мадрид": Куртуа; Вальверде, Рамос, Эдер Милитао, Начо; Каземиро, Кроос, Модрич; Азар, Бензема, Винисиус

Кімдер қатыспайды?

"Челси": Матео Ковачич (жарақат)

"Реал Мадрид": Даниэль Карвахаль, Лукас Васкес, Рафаэль Варан (үшеуі де жарақат алған)

Бүгінгі кездесуде Даниэле Орсато бастаған италиялық төрешілер тобы қызмет етеді

Қос команда жартылай финалға қалай жетті?

"Челси": 7 жеңіс, 2 тең ойын, 1 жеңіліс, 19 гол соқты, 4 гол жіберді

Үздік сұрмерген: Оливье Жиру (6)

Ширек финал: "Портуды" 2:1 есебімен жеңді

Плэй-офф: "Атлетико Мадридтен" 3:0 есебімен басым түсті

Е тобы: жеңімпаз

"Реал Мадрид": 6 жеңіс, 3 тең ойын, 2 жеңіліс, 19 гол соқты, 12 гол жіберді

Үздік сұрмерген: Карим Бензема (6)

Ширек финал: "Ливерпульді" 3:1 есебімен ұтты

Плэй-офф: "Аталантадан" 4:1 есебімен айласын асырды

В тобы: жеңімпаз

Қарсыластардың формасы:

"Челси" соңғы алты матчтың үшеуінде жеңіс тойын тойлады, екі матчта тең түсті, бір матчта жеңілді. Соңғы кездесуінде "Фулхэмнен" 2:0 есебімен басым түсті (1 мамыр).

Қазіргі позициясы: Премьер-лигада 4-орын, Англия Кубогінің финалына шықты

"Реал Мадрид" соңғы алты ойынның екеуінде ғана жеңіске жетті, қалған төрт матчта тең ойнады. Соңғы кездесуінде "Осасунаны" 2:0 есебімен ұтты (1 мамыр)

Қазіргі позициясы: Ла Лигада 2-орын

Бапкерлер не дейді?

"Челсидің" бас бапкері Томас Тухель: "Басты міндет - ойын барысында барынша қарқынды қимылдау. Бұл жартылай финал, өте маңызды матч. Ұтылған команда жарыс жолынан шығады, сондықтан біз сенімді болуымыз керек, әйтпесе бізде ешқандай мүмкіндік болмайды. Бірақ осы кезеңде ойнау құқығын алған біздің команданың қабілетті екенін ұмытпауымыз керек. Біз дұрыс және сапалы футбол көрсетеміз, әрине, тең ойнағымыз келмейді, жеңіске жетуге тырысамыз. "Челси" - жеңіс үшін жаралған команда.

"Реал Мадрид" командасының бас бапкері Зинедин Зидан: "Біз жақсы матч өткізуіміз керек. Бар күш-жігерімізді осы ойынға салуға тиіспіз. Бірінші матчта да қалай болды, бүгін де солай болуы керек. Мені "доппен не істейміз?" деген сұрақ қатты алаңдатады. Команда дайын.

Біз өз футболымызды ойнауымыз керек. Менің ойыншыларым қалай ойнау керектігін біледі және жақсы дайындалды".

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×