«Манчестер Сити» АПЛ клубтары арасында рекорд орнатты

05.05.2021, 16:35
«Қалалықтар» Чемпиондар Лигасының осы маусымында мүлдем жеңілген жоқ.
«Манчестер Сити» АПЛ клубтары арасында рекорд орнатты

УЕФА Чемпиондар Лигасының жартылай финалындағы екінші кездесуде "Манчестер Сити" "Пари Сен-Жерменді" қабылдады. Кездесу Манчестердегі (Англия) "Этихад" стадионында өтіп, 2:0 есебімен аяқталды. Командалардың алғашқы текетіресі 24 сәуірде Париждегі (Франция) "Парк де Пренс" стадионында өтіп, 2:1 есебімен "қалалықтар" жеңіске жеткен еді

OptaJoe статистикалық порталы хабарлағандай, "Манчестер Сити" - Чемпиондар Лигасының бір маусымында 11 мәрте жеңіске жеткен алғашқы англиялық команда. Одан бөлек, Гвардиола шәкірттері аталмыш турнирдегі жеңісті сериясын жеті матчқа дейін ұзартты. Бұл да ағылшын клубтарының ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады.

Еске салайық, Чемпиондар Лигасының ағымдағы маусымында "Манчестер Сити" "Портуды" бір рет (3:1), "Марсель" (3:0, 3:0), "Олимпиакос" (3:0, 1:0), "Боруссия Мёнхенгладбах" (2:0, 2:0), "Боруссия Дортмунд" (2:1, 2:1), және ПСЖ (2:1, 2:0) клубтарын екі матчта да жеңген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×