«Тұран» футбол клубының бас бапкері Абдухалық Бөрібаев Қазақстан чемпионатының 20-туры аясында өткен «Атырауға» (2:2) қарсы матч жайлы пікірін айтты.
- «Атырауға» қарсы ойын туралы пікіріңіз. Команда матчқа қойылған жоспарды орындай алды ма?
- «Атырауға» қарсы матчта футболшыларымыз жақсы ойнады. Команда матчқа қойылған жоспарды толық орындамаса да, 70-80%-ке орындады дей аламын. Өкінішке қарай, стандартты жағдайлардан гол жіберіп алдық. Оған біз дайындалған едік, дегенмен екі стандартты жағдайдан екі гол жібердік.
- Бұл матчта Самир Фазли «Тұран» сапында алғаш рет алаңға шықты. Оның ойынын қалай бағалайсыз?
- Ойынына баға беретін болсақ, жақсы ойнады. Футболшы ретінде деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Оны жанкүйерлер де, біз де көрдік. Ойынына ризамыз. Алғашқы матчында гол соқты. Командамен жақсы байланыста болды.
- Ұлттық құрамалардың ойынына байланысты болған үзілісті команда қалай пайдалана алды?
- Үзілісте жоспар бойынша жұмыс істедік. Өкінішке орай, жарақат алған футболшыларымыздың бәрі айығып үлгермеді. Темірлан Әміров сары қағазының көптігіне байланысты бармады. Ол бізге көмегін тигізер еді.
Біздің серіктес: FONBET