Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

13.09.2021, 03:58
Кака шәкірттері келесі кездесуін 15 қыркүйек күні турнир қожайыны Литваға қарсы өткізеді.
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатының алғашқы турында Коста-Риканы 6:1 есебімен еш қиындықсыз ұтты.

Бірінші таймнан кейін Кака шәкірттері 4:1 есебімен алға шықты. 10-минутта Шыңғыс Есенаманов есеп ашты, ал 12-минутта Дәурен Тұрсағұлов көзге түсті. Көп ұзамай Пабло Родригес жауапты голды соқты. Бірақ содан кейін Қазақстан құрамасы үш минут ішінде тағы екі гол соқты. Дуглас Жуниор (14') пен Тайнан (17') ерекшеленді.

Екінші таймда Қазаұстан құрамасы тағы екі гол соғып, ірі есеп тіркеді. Алдымен Біржан Оразов командасының бесінші голын соғып еді, содан кейін Тайнан дубль жасап, матчтың нүктесін қойды.

Топтық кезеңде Қазақстан құрамасы тағы екі кездесу өткізеді - 15 қыркүйекте Литвамен және 18 -ші күні Венесуэламен күш сынасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×