Абдуллай Диакате жеке жаттығуларға кірісті

07.05.2021, 03:07
Диакатенің жоқтығы шымкенттік ұжымға қатты әсер етті.
Абдуллай Диакате жеке жаттығуларға кірісті

"Ордабасы" командасының жартылай қорғаушысы Абдуллай Диакате жарақатынан толық айығып, жеке жаттығуларға кірісті.

"Қазір менде бәрі жақсы. Мен қалыпқа келу процесін жалғастырып жатырмын. Жеке жаттығуларға аз уақыт кетеді, бұлшықеттерді күшейту керек. Содан кейін мен жалпы топта жаттығуды бастаймын деп үміттенемін. Осындай қиын кезеңде мені қолдаған жігіттер мен команда басшылығына рахмет", - деді футболшы клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, Диакате осы маусымда тек "Шахтермен" болған матчқа (2:0) ғана қатысты. Жарақатына байланысты жеті матчты жіберіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×