«Манчестер Юнайтед» пен «Вильярреал» Еуропа Лигасының финалына шықты

07.05.2021, 14:02
Жанкүйерлер ағылшын финалын көреміз бе деген еді.
«Манчестер Юнайтед» пен «Вильярреал» Еуропа Лигасының финалына шықты

УЕФА Еуропа Лигасының жартылай финалындағы екінші ойында "Рома" өз алаңында "Манчестер Юнайтедті" қабылдады. Кездесу Рим қаласындағы "Олимпико" стадионында (Италия) өтіп, 3:2 есебімен аяқталды. Матчта Германиядан келген Феликс Брих бастаған төрешілер тобы қызмет етті.

Есепті 39-минутта "Манчестер Юнайтедің" шабуылшысы Эдинсон Кавани ашты. 57-минутта Рома Эдин Джеконың арқасында есепті теңестірді, ал үш минуттан кейін Бриан Кристанте гол соқты. 68-минутта Эдинсон Кавани дубль жасап, есепті теңестірді. Бірақ кездесудегі соңғы сөз алаң иелерінде қалды, 83-минутта Никола Залевский ерекшеленді.

Командалардың алғашқы кездесуі Манчестердегі (Англия) "Олд Траффорд" стадионында өтіп, 6:2 есебімен "Манчестер Юнайтедтің" жеңісімен аяқталған еді. Осылайша, "қызыл сойқандар" қарымта ойында жеңілгеніне қарамастан, қос матчтың нәтижесі бойынша 8:5 есебімен жеңіске жетіп, Еуропа Лигасының финалына жолдама алды.

УЕФА Еуропа Лигасының екінші жартылай финалдық ойынында "Арсенал" өз алаңында "Вильярреалды" қабылдады. Кездесу Лондондағы (Англия) "Эмирейтс" стадионында өтіп, 0:0 есебімен аяқталды.

Командалардың бірнеше жақсы мүмкіндіктері болды, бірақ кейбір сәттерде оларға сәттілік жетіспеді, ал кейбіреулерінде қақпашылар жоғары деңгейде ойын көрсетті. 79-минутта Обамеянг "Арсеналды" алға шығаруы мүмкін, бірақ "Вильярреал" қақпасын бағана құтқарды.

Кездесуде Славко Винчич бастаған Словениядан келген төрешілер тобы қызмет етті.

УЕФА Еуропа Лигасының жартылай финалындағы алғашқы матчта "Арсеналды" 2:1 есебімен жеңген "Вильярреал" финалға жолдама алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×