Қазақстан чемпионатының сәуір айындағы үздік голы белгілі болды

07.05.2021, 18:21
Шабуылшы алаңның ортасынан гол соққан болатын.
Қазақстан чемпионатының сәуір айындағы үздік голы белгілі болды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2021 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының сәуір айындағы үздік голын анықтау мақсатымен футбол сүйер қауым және жанкүйерлер арасында арнайы сауалнама ұйымдастырды.

Сауалнама ҚКФЛ Вконтакте әлеуметтік желісінің ресми тобында өткізілді. Жанкүйерлер таңдауына 7 үздік гол ұсынылды. Шараға барлығы 1360 адам қатысты.

Сауалнама қорытындысы бойынша өткен айдың үздік голы болып 2021 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының «Ақтөбе» – «Ордабасы» (4-тур) кездесуінде соғылған Игорь Сергеевтің нәтижелі соққысы атанды. Ақтөбелік шабуылшының голына 784 (57,65 %) адам дауыс берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×