ӘЧ кезінде Аргентинаның Нидерландыға қарсы ойынында төрелік еткен төреші мансабын аяқтамақ ниетте

06.01.2023, 04:21
ӘЧ кезінде Аргентинаның Нидерландыға қарсы ойынында төрелік еткен төреші мансабын аяқтамақ ниетте


Мундиальдағы ең көп талқыға түскен 1/4 финал ойынында қызмет еткен Матеу Лаос төрешілік саласынан алыстап қалуы мүмкін.


1/4 финалдық кездесуден кейін сабақ алмаған Лаос Испания біріншілігінде де білгенін істеді. Бұл жолғы төрешінің әңгір таяғына "Барселона" мен "Эспаньол" ілінді. 1:1 есебімен аяқталған кездесуде барлығы 12 сары қағаз бен 2 қызыл қағаз көрсетілді.


Қой дейтін қожасы болмаған Матеу Испания Кубогінде "Севилья" бапкері Сампаолидіде алаңнан қуып, біраз хэйттің астына түскен болатын. Матчқа келер болсақ, "Линарес" ФК сенсация жасап, "қызыл-ақтарды" 5:0 есебімен тізе бүктірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×