Гонсалу Рамуш Роналдудың экс-агентінің қызметіне жүгініп отыр

05.01.2023, 20:49
Гонсалу Рамуш Роналдудың экс-агентінің қызметіне жүгініп отыр


Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Гонсалу Рамуш Жорже Мендештің агенттігімен келісімге келді.


Бұған дейін 21-жасар ойыншының жалауын Мохаммед Азфаль желбіретіп келген болатын.


Жорже Мендеш 3 қаңтарға дейін Роналду агенті ретінде қызмет атқарды. Алайда, "Аль-Насрға" ауысқан әлем футболының жұлдызы бұл азаматтың көмегіне жүгінуден бас тартты. 


Рамуш өткен маусымда Португалия біріншілігінде 12 ойын өткізіп, 9 гол салған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×