Адам Адахаджиев қазақстандық клубқа ауысатын болды

12.02.2021, 22:21
Бұл клуб алдағы маусымда тек жергілікті футболшыларға сенім артпақ.
Адам Адахаджиев қазақстандық клубқа ауысатын болды

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Қайраттың" жартылай қорғаушысы Адам Адахаджиев "Жетісуға" ауысты.

22 жастағы Омбы тумасы, Көкшетау футболы мен "Қайрат" клубының түлегі "Жетісу" командасында жалдау шарты бойынша ойнайды. 2017 жылдан бастап Адахаджиев "Қайраттың" жастар құрамасында ойнады.

2019 жылы ол Премьер-лигадағы алғашқы кездесуін өткізіп. Және сол жылы жалпы 8 матчқа қатысты. Алматылық клубпен бірге өткен жылы Қазақстан чемпионы атанды. Ол сонымен бірге Қазақстанның жастар құрамасында ойнады.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресейлік "Рубиннің" Адахаджиевке қызығушылық танытқаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×