Англия Премьер-лигасының қаңтар айындағы үздіктері анықталды

13.02.2021, 02:02
«Ман Сити» осы қалпында жалғастыра берсе, биыл чемпион болады.
Англия Премьер-лигасының қаңтар айындағы үздіктері анықталды

"Манчестер Ситидің" жартылай қорғаушысы Илкай Гюндоган Англия Премьер-лигасының қаңтар айындағы үздік ойыншысы атанды.

Жартылай қорғаушы бір айда бес гол соғып, "Челси", "Кристал Пэлас" және "Вест Бромвич Альбион" командаларына қарсы сәтті кездесулер өткізді, бұл "қалалықтардың" алты рет қатарынан жеңіске жетуіне және турнирлік кестеде бірінші орынға ие болуына көмектесті.

"Манчестер Ситидің" бас бапкері Хосеп Гвардиола Англия премьер-лигасының қаңтар айындағы ең үздік бапкері атанды.

Дауыс беру кезінде испаниялық маман Микель Артетаны ("Арсенал"), Дэвид Мойесті ("Вест Хэм") және Грэм Поттерді ("Брайтон энд Хоув Альбион") артқа тастады.

Гвардиола үшін бұл осы маусымда бірінші және Англиядағы сегізінші сыйлығы болды. Бұл көрсеткіш бойынша ол "Ливерпульдің" тәлімгері Юрген Клопп пен Англия чемпионатындағы жаттықтырушылар Мартин О'Нил және Гарри Реднаппты қуып жетті.

Қаңтар айының үздік голын "Ливерпуль" шабуылшысы Мохамед Салах соқты, деп хабарлайды Премьер-лиганың ресми сайты. Салахтың "Вест Хэм Юнайтед" қақпасына соққан голы жанкүйерлердің көңілінен шыққан екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×