Неймар «Барселонамен» болатын матчқа қатыспайды

13.02.2021, 02:32
Біздің бұған көзіміз үйреніп қалды. Неймар маңызды матч алдында жарқат алуды әдетке айналдырғандай.
Неймар «Барселонамен» болатын матчқа қатыспайды

ПСЖ шабуылшысы Неймар Франция Кубогінің 1/32 финалында "Канн" клубымен болған ойында жарақат алды.

29 жастағы бразилиялық футболшы мансабында алғаш рет команданы капитан ретінде алаңға бастап шыққан еді, бірақ бір тайм ғана ойнады. 54-минутта "Канның" қорғаушысы Йоэль Армугом оған қарсы дөрекі ойнады, нәтижесінде Неймар алаңнан кетуге мәжбүр болды.

"Пари Сен-Жерменнің" бас бапкері Маурисио Почеттино Неймардың Чемпиондар лигасының 1/8 финалында "Барселонамен" болатын матчқа қатыспайтынын айтты.

"Неймар емделу үшін Бразилияға бара ма, білмеймін. Барлығы дәрігерлердің пікіріне байланысты. Кейде ойыншылар сәтсіздікке тап болады және тезірек қатарға оралу үшін ережелерін өзгертуге тура келеді. Барлығы сәтті аяқталады деген үміттемін.

Неймар жауапты матчқа дайын болады деп үміттенемін. Оның жұмысқа деген көзқарасы мен мотивациясы мені таңқалдырады. Ол әсіресе "Барселонамен" ойнау мүмкіндігін асыға күтті және алаңға шыға алмайтынына қатты ренжіді. Өкінішті-ақ. Неймар осындай матчтарға арналған, сондықтан бұл ол үшін үлкен соққы. Неймар мен Ди Марияның жоқтығы бізге қатты әсер етеді, бірақ біз жағдайға бейімделуіміз керек. Мен оптимистпін және бұл команда үшін жаңа сынақ", - деді Почеттино ESPN арнасына берген сұхбатында.

"Барселонаның" ПСЖ-ға қарсы алғашқы ойыны 16 ақпанда Испанияда өтеді. Қарымта кездесу Францияда 10 наурызда өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×