Адеринсола Эсеола Бірінші лига клубына жіберілді

17.05.2021, 22:43
«Қайратта» Эсеоладан бөлек үш бірдей орталық шабуылшы бар.
Адеринсола Эсеола Бірінші лига клубына жіберілді

Алматылық «Қайрат» украиналық шабуылшы Адеринсола Эсеоланы Бірінші лигада бақ сынайтын «Қайрат-Жастар» клубына жіберді.

«Тень отца Гурмана» телеграм-арнасының мәліметіне сүйенсек, шабуылшы «Қайраттың» бапкерлер штабы мен басшылықтың ортақ шешімі бойынша жастар клубына жіберілді. Бапкердің мұндай шешіміне футболшының сүреңсіз ойыны себеп болған. Эсеола маусым айында 30-ға толады, бірақ жастармен бірге доп тебуге мәжбүр.

Эсеола Қазақстан Премьер-лигасының ағымдағы маусымында тоғыз матчқа қатысып, екі гол соқты. Шабуылшының «Қайратпен» келісім-шарты 2021 жылдың соңында аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×