«Барселона» әйелдер мен ерлер арасындағы Чемпиондар Лигасын жеңген алғашқы клуб атанды

18.05.2021, 00:19
«Барселона» қыздары кеше «Челсиді» 4:0 есебімен жеңді.
«Барселона» әйелдер мен ерлер арасындағы Чемпиондар Лигасын жеңген алғашқы клуб атанды

"Барселона" әйелдер мен ерлер арасындағы Чемпиондар Лигасын жеңіп алған алғашқы команда атанды, деп хабарлайды УЕФА-ның ресми сайты.

Естеріңізге сала кетейік, "Барселона" 2020/21 жылғы әйелдер арасындағы Чемпиондар Лигасында алтыннан алқа тақты. Турнирдің финалында каталондық клуб лондондық "Челсимен" кездесті. Кездесу Швецияның Гётеборг қаласындағы "Гамла Уллеви" стадионында өтіп, 4:0 есебімен аяқталды.

"Барселона" өз тарихында алғаш рет әйелдер арасындағы Чемпиондар Лигасын жеңіп алды. Бұған дейін турнирдің соңғы бес маусымында "Лион" жеңіске жетіп келген болатын. Осы маусымда франциялық клуб Чемпиондар Лигасында ширек финалға жетіп, онда "Пари Сен-Жерменнен" жеңіліп қалды. Әйелдер арасындағы Чемпиондар Лигасы 2001 жылдан бері өткізіліп келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×