Тер Штеген Еуропа чемпионатына қатыспайды

18.05.2021, 04:05
Қақпашы тізесіне ота жасатуды жоспарлап отыр.
Тер Штеген Еуропа чемпионатына қатыспайды

"Барселона" мен Германия құрамасының қақпашысы Марк-Андре тер Штеген алдағы Еуропа чемпионатына қатыса алмайтынын мәлімдеді.

"Мен кешегі жеңіліске және біздің чемпион атану мүмкіндігімізді жоғалтқанымызға ренжулімін. Маусым басындағы қиындықтардан кейін біз мінез көрсетіп, 19 матч бойы жеңілмей келдік. Бірақ бұл нәтижені сақтай алмадық.

Клубтың медициналық қызметкерлерімен ақылдаса отырып, тіземе қосымша ота жасату туралы шешім қабылдадық. Еуро-2020 турниріне қатыспайтыныма қатты қынжыламын. Мен көптеген жылдардан бері алғаш рет өз еліме үйден қолдау көрсететін жанкүйер боламын. Турнирде жеңіске жетеміз деген үміттенемін! Сондай-ақ маусымаралық үзілістен кейін қайтадан қатарға ораламын деп ойлаймын, мен жанкүйерлерді қатты сағындым! Осындай қиын маусымда қолдау көрсеткеніңіз үшін рақмет!" - деп жазды тер Штеген өзінің инстаграм парақшасында.

Айта кетейік, Германия құрамасы Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде Франция, Португалия және Венгриямен күш сынасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×