Адеринсола Эсеоланың қай командаға ауысатыны белгілі болды

10.02.2022, 22:31
Футболшы жақын күндері ҚПЛ клубының жаттығу жиынына қосылады.
Адеринсола Эсеоланың қай командаға ауысатыны белгілі болды

Aladop.kz сайтына белгілі болғандай, украиналық шабуылшы Адеринсола Эсеола Түркияға ұшып келіп, «Ақтөбе» қатарына қосылмақшы.

Украиналық форвард 2018-2021 жылдары ҚПЛ-да өнер көрсетті. «Ақжайық» сапында Эсеола 13 кездесуде сегіз гол соқса, «Қайрат» жейдесінде 84 матчқа қатысып, 38 гол соқты. 2018 жылғы маусымда шабуылшы 17 голмен үздік сұрмергендердің біріне айналды, ал 2019 жылы 19 голды өз атына жазып, бұл атақты «Астананың» көшбасшысы Марин Томасовпен бөлісті. Алматылық клуб сапында Қазақстан кубогін жеңіп алып, екі мәрте ел біріншілігінің күміс жүлдегері атанды.

2021 жылы Эсеола украиналық «Ворскла» клубына ауысты. Бірақ желтоқсан айының соңында полтавалық клубтан кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×