Адиевтің "Ахматтағы" болашағы белгілі болды

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
21.04.2024, 20:19

Грозныйлық клубтың атқарушы директоры Ахмет Айдамиров команданың бас бапкері жайлы ойын білдірді.

Адиевтің "Ахматтағы" болашағы белгілі болды

Дәлірек айтсақ, менеджер "Ахмат" пен Қазақстан Ұлттық құрамасын қатар жаттықтырып жүрген Магомед Адиевтің Грозныйлық клутағы тағдыры туралы пікірімен бөліскен болатын. А. Айдамиров бүй деген еді: "Адиевтің  "Ахматтағы" болашағы? Алдымен чемпионатты аяқтап алайық, осы мәселе жайлы содан кейін барып әңгімелесерміз".

Айта кетейік, сенбіде РПЛ 25-турында "Ахмат" күтпеген жерден сырт алаңда "ЦСКАДАН" басым түскен (1:2). Грозныйлық команда турнирлік кестеде 14-сатыда тұр. М. Адиевтің командасы 24 ойында 23 ұпай жинаған. "Ахматтың" келесі ойыны "Пари НН" командасына қарсы болады. Бұл кездесу 28-сәуірге жоспарланған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×