“Зенит” ФК “Оренбургты” минималды есеппен жеңді

21.04.2024, 20:55

Петерборлық “Зенит” РПЛ 25-турында “Оренбург” командасынан 1:0 есебімен басым түсті. 

“Зенит” ФК “Оренбургты” минималды есеппен жеңді

“Газпром Аренада” өткен аталған кездесудегі жалғыз голды Клаудиньо соқты. Бразилиялық текетірестің 23 минутында тамаша соққысымен көзге түсті. Жалпы бұл гол “Клау” үшін “Зенит” сапындағы 20 болып тіркелді. Петерборлық ұжымға үш ұпай сыйлаған бразилиялық матчтың үздігі атанды.

Отандасымыз Нұралы Әліп ойынды бастапқы құрамда бастап, толық өткізді. 

Келесі кездесуін Сергей Семак шәкірттері 24 сәуір күні “Рубинге” қарсы өткізбек. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×