Қайрат Боранбаев: Мен жетістікке жас футболшылармен жұмыс істеу арқылы жеткім келетін

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
22.04.2024, 13:06

«Қайрат» клубының Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Алматылық клубтың бас бапкері Кирилл Кекерді қолдауға шақырды. Сондай-ақ, Қайрат Советайұлы өзінің "Instagram" парақшасында «Қайрат» академиясының жұмысы жайлы да ойын жазған болатын.

Қайрат Боранбаев: Мен жетістікке жас футболшылармен жұмыс істеу арқылы жеткім келетін

“Соңғы он жылда чемпиондық пен 6 Қазақстан Кубогін қосқанда, ішкі аренада мүмкін деген барлық трофейлерді ұтып алдық. Конференция лигасының топтық кезеңіне шығып, үнемі чемпиондыққа таласып келеміз. Десе де, бұлардың барлығынан да маңызды шаруа – өзіміздің шәкірттерімізді толық даярлайтын циклді жаңадан жасап шықтық. Мен әрқашан жетістікке көп қаржы жұмсап немесе жаппай легионер алудың  арқасында емес, жас футболшылармен жұмыс істеу арқылы жеткім келетін. Мәселен, соңғы бес жылда Қазақстан құрамасының жартысынан көбі біздің шәкірттерімізден жасақталып келеді», деген еді Қайрат Боранбаев.

Сондай-ақ, ол «Қайраттың» бас бапкерінің жұмысына қатысты: «Ал бапкерлік штабқа қатысты айтсақ. Әзірше, Кирилл Кекер бас бапкер. Біздің бапкеріміз болып тұрғанда оған құрмет көрсеткен жөн. Ойын барысында жақсы сәттер болды және басқа кез-келген күні жеңіске жетуіміз мүмкін еді. Алдыда бүкіл маусым тұр, команданы жеңістен кейін секілді, сәтсіздіктерден соң да қолдау маңызды. Ал бізде ондай жеңісті күндер міндетті түрде болады. Барлығыңызға стадионды толтырып, бізді қолдағандарыңыз үшін, эмоцияларыңызға және немқұрайлы болмағандарыңызға алғыс айтамын. Жеңісті күндерге жеткенше!», деді Қ.Боранбаев.

Айта кетейік, ҚПЛ 5-турында «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбеден» ұтылып, турнирлік кестеде бірінші сатыдан бірден төрт орын төмен сырғыған еді. Қазір Алматылық команда 8 ұпаймен 5-орында тұр. «Ақтөбе» бірінші, ал үздік үштікті «Қызыл-Жар» түйіндеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×