Әділбек Жақсыбеков: «Барлық клубымыздың келесі айналымға өтетін шамасы бар»

05.08.2021, 21:33
Қазақстан клубтары Еурокубоктегі жорықтарын жалғастырады.
Әділбек Жақсыбеков: «Барлық клубымыздың келесі айналымға өтетін шамасы бар»

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков бүгін еурокубок бәсекесінде бақтарын сынайтын қазақстандық клубтарға сәттілік тіледі:

- Биыл қазақ футбол клубтарының бағы жанып тұр. Үшінші іріктеу кезеңі өтіп жатқан тұста төрт командамыз да жарыста жүр. Әдетте, мұндай кезеңде тек бір ғана командамыз қалушы еді. УЕФА тарапы да биыл бізге қарайласып тұрғандай. Сырт алаңдағы голды алып тастап, тәртіпті өзгертті. Қазақстан командалары бұл жағдайға тез икемделіп алды. Сенсация жасаған «Шахтер» Украинаның «Колос» деген командасынан да өте алатын қауқары бар деп есептеймін.

Ал «Астана» тәжірибиелі клуб қой, Финляндия елінің ортаңқол командасы КуПС-қа есе жібере қоймас. Өткен аптада нағыз футбол шоуын жасаған «Тобыл» «Жилинаны» да өтіп кетсе деп отырмыз. Алматылық «Қайрат» Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне өтетініне бар жанкүйер сеніп отыр. Қазақстанның төрт командасына сәттілік тілеп, олардың ойынына жанкүйер болуымызды жалғастырайық! Төртеу түгел болса төбедегі келеді деп бекер айтпаған ғой. Барлық клубымыздың келесі айналымға өтетін шамасы бар.

Құрметті жанкүйерлер, қолдау көрсетіп, олардың жеңісіне себепші болайықшы!

Құрметпен, ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбеков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×