«Ақтөбе» МФК бас бапкермен қош айтысты

05.08.2021, 21:47
Бұл маман «Ақтөбені» өткен жылы тізгіндеген еді.
«Ақтөбе» МФК бас бапкермен қош айтысты

56 жастағы беларусь маманы Виктор Тарчило «Ақтөбе» МФК бас бапкері қызметінен кетті.

Виктор Тарчило «Ақтөбені» былтыр қыркүйекте қабылдаған еді. Оның жетекшілігімен команда ел біріншілігінде екінші, ал плей-оффта төртінші орын алды. Сонымен қатар, тарихта бірінші рет команда футзалдан Чемпиондар Лигасының 1/8 финалына шықты, бірақ словениялық «Добовец» командасынан жеңіліп қалды.

Маман туған жері Белоруссияға оралып, «УВД-Динамо» командасын тізгіндеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×