«Челси» Ромелу Лукакумен келісімге келді

05.08.2021, 22:10
Лондондық клуб жақында «Интер» бас тарта алмайтындай тағы бір ұсыныс жасайды.
«Челси» Ромелу Лукакумен келісімге келді

"Челси" "Интер" шабуылшысы Ромелу Лукакумен бір мәмілеге келіп, келіссөздерді тезірек аяқтауға тырысуда, деп жазады журналист Фабрицио Романо өзінің твиттер парақшасында.

"Челси" Лукакуға жылдық жалақысы 12 миллион еуроны құрайтын ұзақ мерзімді келісім-шарт ұсынды. Ал бельгиялық шабуылшы өз кезегінде бұл ұсыныстан бас тартпады.

Жақында лондондық клуб 110 миллион еуро көлемінде ұсыныс жасайды деп күтілуде, себебі "Интер" "Челсидің" бұған дейінгі ұсынысын қабылдамаған еді (100 миллион еуро және Маркос Алонсо). 

"Аристократтар" келіссөздерді жалғастыруда және алдағы күндері Лукакуды қатарға қосамыз деп үміттенуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×