Африкалық клуб Криштиану Роналдуды өз қатарына қосуға дайын

21.05.2025, 21:20

Марокконың атақты «Видад»  футбол клубы Сауд Арабиясының «Әл-Наср» командасында ойнап жүрген Криштиану Роналдуға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы испандық Marca басылымы хабарлады.

Африкалық клуб Криштиану Роналдуды өз қатарына қосуға дайын

Басылым дерегінше, 40 жастағы португалиялық шабуылшымен келіссөздер басталып кеткен. Клуб басшылығы Роналдуды 2025 жылы жазда өтетін клубтық әлем чемпионатына қатыстыру мүмкіндігін басты артықшылық ретінде ұсынып отыр.

Роналдудың 2024/25 маусымдағы көрсеткіштері:

  • Ойын саны: 39 матч

  • Гол саны: 33 гол

  • Голдық пас: 4 пас

Transfermarkt порталы қазіргі таңда Криштиану Роналдудың нарықтық құнын 12 миллион еуроға бағалап отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×