
Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе Испания чемпионатындағы (Ла Лига) алғашқы маусымында 29 гол соғып, бұл көрсеткіш бойынша үшінші орынға шықты.
Килиан Мбаппеге дейін ең жоғарғы көрсеткішті тіркеген екі ғана футболшы бар:
Роналдо (Бразилия) – 34 гол, маусым: 1996/1997 («Барселона»)
Ромарио – 30 гол, маусым: 1993/1994 («Барселона»)
Мбаппе үшінші орынды Бебетомен (1992/1993 маусымында «Депортиво» сапында 29 гол) бөлісіп тұр.
Барлық турнирлердегі матч саны: 54
Гол: 40
Голдық пас: 4
Футболшының «Реалмен» жасасқан келісім-шарты 2029 жылдың жазына дейін жарамды.
Transfermarkt порталына сәйкес, Мбаппенің қазіргі нарықтық құны — 170 миллион еуро.
Біздің серіктес: FONBET