
Ағылшындық "Манчестер Юнайтед" клубының жартылай қорғаушысы әрі капитаны Бруну Фернандеш 2024/2025 жылғы маусымдағы УЕФА Еуропа лигасының финалында "Тоттенхэм Хотспур" командасынан 0:1 есебімен жеңілгеннен кейінгі ойларын жеткізді.
“Жақсы күндер әлі алда деп үміттенемін. Бұған дейін бастан өткерген кез келген сәттен де маңызды бір мезет әлі болатынына сенемін, яғни трофейді көтеру. Бұл мен үшін әрқашан ең биік шың.” – деді Фернандеш The Guardian басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Бруну Фернандеш турнирдің қорытындысы бойынша жеті гол соғып, ең үздік сұрмерген атанды. Бұл — португалиялық футболшының "Манчестер Юнайтед” сапындағы Еурокубок финалдарындағы екінші жеңілісі. Бұған дейін клуб 2020/2021 жылғы Еуропа лигасының финалында "Вильярреалдан” пенальти сериясында жеңілген болатын.
Біздің серіктес: FONBET