Сон Хён-Мин “Тоттенхэмнің” Еуропа лигасындағы жеңісі туралы пікір білдіріп, Харри Кейнді еске алды

22.05.2025, 09:30

"Тоттенхэм Хотспур" шабуылшысы Сон Хён-Мин  клубының УЕФА Еуропа лигасындағы тарихи жеңісі жайлы ойымен бөлісті. Бұл трофей 32 жастағы Оңтүстік Корея ойыншысы үшін мансабындағы алғашқы жүлде. Финалда олар "Манчестер Юнайтедті" 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Сон Хён-Мин “Тоттенхэмнің” Еуропа лигасындағы жеңісі туралы пікір білдіріп, Харри Кейнді еске алды

"Бүгін мен – жер бетіндегі ең бақытты адаммын. Трофейді қолыма ұстап тұрмын – бұл керемет сезім. Біз бұл жеңіске жету үшін ұзақ әрі қиын жолдан өттік. Жарақаттар болды, құрам өзгерді, бәріне қарамастан алға жылжыдық. Жас ойыншылар келіп жатты, біз бәріміз бірге бір мақсатқа ұмтылдық. Жақында ғана мен Харри Кейн үшін қатты қуандым. Оны адам ретінде де, футболшы ретінде де өте қатты құрметтеймін. Харри, біз де ақыры трофей жеңіп алдық.” – деді Сон Хён-Мин TNT Sports арнасында.

Айта кетейік, 31 жастағы Харри Кейн 2023 жылдың тамыз айында "Тоттенхэмнен” Мюнхеннің "Бавария” клубына ауысқан болатын. Бірнеше күн бұрын Ағылшын шабуылшысы да өз мансабындағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізіп, Германия чемпионы атанды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×