Агент РПЛ ауысқан қазақстандық футболшының жалақысы жайында айтып берді

28.01.2023, 04:05
Агент РПЛ ауысқан қазақстандық футболшының жалақысы жайында айтып берді


Агент Дмитрий Селюк Лев Скворцовтың "Химкиге" трансферін толығырақ баяндай кетті.

Еске салайық, Қазақстан ұлттық құрамасының жастар сапында өнер көрсететін футболшы РПЛ еркін агент ретінде ауысып барған болатын.

"Скворцовтың "Химкидегі" жалақысы көп емес. Нарықпен салыстырғанда орташа деңгейде. Егерде ақшаның нақты қанша екенін білгілеріңіз келсе, ондай мәліметті сізге ешкім ашылып айтпайды. Скворцов үшін бұл тәжірибені жетілдіру. Мықты футболшылармен иық тіресе өнер көрсету. Менің қызметіме жүгінген аяқдопшылар команданы ақша үшін таңдамайды. Олар кәсіби тұрғыда өсімді көздейді". 

22-жасар Лев Қазақстан ұлттық құрамасының жастары сапында 18 рет алаңға шыққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×