«Астана» «Еуропа чемпиондарының қорқынышты түсіне» айналған ұжыммен тең ойнады

28.01.2023, 03:40
«Астана» «Еуропа чемпиондарының қорқынышты түсіне» айналған ұжыммен тең ойнады


"Астана" ФК Түркиядағы жаттығу жиында софиялық ЦСКА-ға қарсы жолдастық матч өткізді.

Ойын 0:0 есебімен аяқталған болатын.

ЦСКА - Болгарияның 31-дүркін жеңімпазы. Ел Кубогін 21 рет иеленген. Суперкубок ойындарындада топ жарған.

ЦСКА дүркіреп тұрған заманында "еуропалық чемпиондардың қорқынышты түсіне" айналған болатын. Софиялық клуб "Аякс", "Ноттингем" және "Ливерпульді" тізе бүктірген. 

"Астана" - ҚПЛ-2022 жылғы маусымының чемпионы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×