Ағылшын бапкерінің алғашқы жеңісі

12.07.2011, 16:54
Ағылшын бапкерінің алғашқы жеңісі
Қазақстан премьер-лигасының 19-турында «Ақтөбе» мен «Астана» клубтары кездесті. Еліміздің ең мықты екі клубы саналатын бұл ұжымдар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмай, тең нәтижемен тарқасты. Дегенмен бұл ойынның қорытындысы турнир кестесіне әсер еткен жоқ. Елордалықтар әлі де көш бастап келеді. Десек те, сырт алаңда Қызылорданың «Қайсарын» 4:0 есебімен ойсырата жеңген «Жетісудың» қарқыны мықты. Әзірге олар – көшбасшыдан бір-ақ ұпай артта. Сондай-ақ Алматының «Қайраты» команда тізгінін ағылшын маманы Джон Грегори ұстағаннан бергі алғашқы жеңісіне қол жеткізгенін айтпай кетуге болмайды. Өз алаңында «Атырауды» 2:0 есебімен ұтып, турнир кестесінде 8-орынға көтерілді. Ал «Тараз» өз алаңында «Ордабасымен» ұпай бөлісуге мәжбүр болды. 19-турдың нәтижелері: «Ақтөбе» – «Астана» – 0:0 «Қайрат» (Алматы) – «Атырау» – 2:0 Голдар: Сүймағамбетов, 40. Христов, 48. «Тараз» – «Ордабасы» (Шымкент) – 1:1 Голдар: Белич, 32 – Касьянов, 86. «Қайсар» (Қызылорда) – «Жетісу» (Талдықорған) – 0:4 Голдар: Бакаев, 15. Коробов, 47. Климявичус, 76. Құсайынов, 78. Автор: Арсен Жанаділ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×