Ағылшын Премьер лига ойыншыларының нарықтық құны жаңартылды

31.05.2025, 09:20

2025 жылғы 30 мамырда Transfermarkt сайты Премьер лига ойыншыларының нарықтық құнын жаңартты. Бұл жаңартуда бірнеше ойыншының құны күрт өзгеріп, тізімде ауыс-түйістер болды. “Манчестер Сити” шабуылшысы Эрлинг Холанд әлі де көш басында, ал “Арсенал” жұлдыздары Букайо Сака мен Деклан Райс үздік үштікті түйіндеді. Ал Фил Фоденнің нарықтық құны €30 миллионға төмендеп, айтарлықтай құлдырады.

Ағылшын Премьер лига ойыншыларының нарықтық құны жаңартылды

Премьер лигадағы нарықтық құны ең жоғары 10 ойыншы (30.06.2025):

1. Эрлинг Холанд (Манчестер Сити) – €180 млн

2. Букайо Сака (Арсенал) – €150 млн

3. Деклан Райс (Арсенал) – €120 млн

4. Александр Исак (Ньюкасл Юнайтед) – €120 млн

5. Коул Палмер (Челси) – €120 млн

6. Родри (Манчестер Сити) – €110 млн

7. Фил Фоден (Манчестер Сити) – €100 млн

8. Алексис Мак Аллистер (Ливерпуль) – €100 млн

9. Мойсес Кайседо (Челси) – €90 млн

10. Мартин Эдегор (Арсенал) – €85 млн

Бұл тізім Премьер лигадағы ойыншылардың маусымдағы жетістіктері мен статистикаларына сүйене отырып жасалған. Нарықтық құн – тек сандар ғана емес, ол ойыншының қазіргі формасы, болашағы, жасы және жалпы нарықтық сұранысына байланысты өзгеріп отырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×