“Ливерпуль” Джереми Фримпонгты сатып алды

31.05.2025, 11:00

“Ливерпуль” клубы “Байер Леверкузеннің” қорғаушысы, Нидерландиялық Джереми Фримпонгты ресми түрде өз қатарына қосты. Ағылшын Премьер лигасының жаңа чемпиондары 24 жастағы ойыншының келісімшартындағы 35 миллион еуро көлеміндегі босату құнын төлеп, бес жылдық келісімшарт жасады.

“Ливерпуль” Джереми Фримпонгты сатып алды

Амстердамда дүниеге келген Фримпонг 7 дасында Англияға көшіп келген. Ол “Манчестер Сити” академиясында тәрбиеленіп, кәсіби мансабын Шотландияның “Селтик” клубында бастады. 2021 жылы “Байер Леверкузенге” ауысып, Германиялық ұжым үшін 133 матчта 23 гол соғып, 28 нәтижелі пас берді. 2023/24 маусымында клубпен бірге Бундеслигада алғаш рет чемпион атанып, маусымды жеңіліссіз аяқтады.

Фримпонг Нидерландияның жастар құрамаларында ойнағаннан кейін, 2023 жылы ересектер құрамасында дебют жасады және 2024 жылы Еуропа чемпионатына қатысты.

Трент Александер-Арнолдтың орнын басып жатқан Фримпонг ыутболдан бөлек, діндар христиан ретінде де танымал. Ол бұрынғы клубтарында жүргенде де шіркеуге тұрақты барып жүрген, тәртіпті әрі еңбекқор адам деп сипатталады.

Фримпонгтың келуі — команда тактикасына жаңа өзгеріс әкелуі мүмкін. Ол тек қорғаныста емес, шабуылда да белсенділік танытып, қарсылас қақпасына қауіп төндіруге қабілетті ойыншы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×