Ағылшын премьер-лигасы "KAZsport"-та.

05.08.2014, 19:46
Ағылшын премьер-лигасы "KAZsport"-та.
«KAZsport» телеарнасы тамыздың ортасында бірнеше қызықты спорт жарыстарын тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлады «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының баспасөз хатшысы Рауан Есқали. Футбол жанкүйерлері 2014 жылғы 16 тамыз және 2015 жылғы 14 мамыр аралығында «KAZsport» телеарнасынан ағылшын премьер-лигасының тікелей көрсетілімін тамашалай алады. Футболдан шет ел чемпионаттарының ішінен ағылшын премьер-лигасы Қазақстандық футбол жанкүйерлерінің арасында үлкен қызығушылық тудырады. Әлемнің ең «бай» футбол лигасына әрқайсысы 38 матчтан өткізетін Англияның 20 клубы қатысады (Манчестер Юнайтед, Ливерпуль, Арсенал, Челси, Манчестер Сити және т.б.). Ағылшын премьер-лигасы көп жылдар бойы әлем бойынша барлық футбол чемпионаттарының ішінде көрермендердің басым бөлігіне ие. Оны әлемнің 200 мемлекетінде трансляциялайды. Турнир аудиториясы 600 миллион адамды құрайды. Алғашқы матчтың трансляциясының басталуы 16 тамыз күні Астана уақыты бойынша 17.45. Басқа кездесулердің уақыты туралы қосымша хабарланады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×