«Манчестер Юнайтед» International Champions Cup турнирын жеңіп алды

05.08.2014, 16:11
«Манчестер Юнайтед» International Champions Cup турнирын жеңіп алды
Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» футбол клубы АҚШ жерінде өтіп жатқан "International Champions Cup" турнирнің жеңімпазы атанды. Майами қаласындағы "Сан Лайф" стадионында өткен финалдық бәсекеде "қызыл сойқандар" Ливерпульды 3-1 есебімен жеңді. "Мерсисайдтықтар" сапынан жалғыз голды 14- ші минутта команда капитаны Стивен Джеррард пенальти арқылы Де Хеа қорғаған қақпаның кілтін таба білді. 1- тайм 1-0 есебімен "Ливерпульдықтардың" жеңісімен аяқиалған болатын. Алайда 2- таймда Луи ван Галл шәкірттері мерисадтықтардың қақпасына жауапсыз 3 бірдей гол соқты. 55- ші минутта Уейн Руни есепті теңестірсе, арада 2 минут өткеннен кейін Хуан Мата есепті еселеп 2-1- ге жеткізді. 88- ші минутта Джесси Лингор "қызыл сойқандар" сапында 3- ші голды салып, матчтың нүктесін қойды. 10 күнге созылған жарыста "Манчестер Юнайтед" ойыншылары 4 ойынның бәрінде де жеңіске жетіп, кубокты төбелеріне көтерді. Уейн Руни турнирдің ең үздік ойыншысы атанды. Және Луи ван Галл "Манчестер Юнайтедтегі" алғашқы трофейіне қол жеткізді. Ерден Нұрахмет
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×