Ағылшын Премьер-Лигасы. Маусым қорытындысы

04.06.2015, 04:54
Ағылшын Премьер-Лигасы. Маусым қорытындысы
Еуропадағы топ-чемпионаттар толықтай өз мәресіне жетіп  аяқталды. Чемпиондар да белгілі, кубокті еншілеген команда да  белгілі. Демек, маусымды қорытындылайтын кез келді деген сөз. "Аладоп" сайты жақын күндері осыны басты жұмыс етпек.  Әлемдегі ең үздік чемпионат болып саналатын Ағылшын  Премьер-Лигасына алғашқы кезекті бергелі отырмыз.  Чемпион: "Челси" Чемпиондар Лигасы: "Челси", "Манчестер Сити", "Арсенал"(топтық кезең), "Манчестер Юнайтед"(4-ші іріктеу кезеңі ) Еуропа Лигасы: "Ливерпуль", "Тоттенхэм", "Саутгемтон" АПЛ-дағы орнын босатты: "Халл Сити", "Бернли", "КПР" Үздік команда FootballHD Awards. Английская Премьер-Лига Былтыр Диего Коста және Фабрегас секілді футболшылармен құрамы толыққан Моуриньоның командасы маусым басынан-ақ өзінің мықтылығына күмән келтірмеген еді. Чемпионаттың бірінші турынан бастап, көшбасын ешкімге бермепті. Сенбесеңіз, осы маусымның архивін ақтаруыңызға болады. Манчестердің қос алыбы мен "Арсенал" маусым барысында кезекпе-кезек сүрініп жүргенде "Челси" тұрақты ойын өрнегін көрсете білді. Маусым бойына тұрақтылығын сақтаған команда ғана ақыр аяғы чемпион атанатыны белгілі. "Ақсүйектердің" маусымдағы жалғыз өкініші Чемпиондар Лигасында жарыс жолын ерте тоқтатқаны. Роман Абрамович клубының жолына кесе-көлденең шейхтардың "ермегі" "ПСЖ" тұрған еді. Оқасы жоқ, бастысы 4 жыл бойы Манчестерде қонақтаған АПЛ-дың трофейін қайтара білді. Чемпиондар Лигасына жаңа маусымда жаңа күшпен жорыққа аттанады. Үздік футболшы Моуриньо тарапынан, әр аяғы 100 миллион еуроға бағаланған бельгиялық 24 жасар футболшы бір ауыздан маусымның үздік ойыншысы атанды. 14 гол, 10 нәтижелі пас. Ендігі мақсат әлем футболының сахнасында Месси және Роналдумен бәсекелестікке түсу. Үздік жаттықтырушы Әдетте, чемпион атанған команданың бапкері жыл жаттықтырушысы атағын алып жатады. Алайда, Моуриньо да, "МЮ"-ды Чемпиондар Лигасына қайта оралтқан Луи Ван Гаал да, бұл атаққа дәл Рональд Куман секілді лайық емес. Былтыр негізгі футболшыларының бәрінен айырылған "Саутгемптонды" құрдымға кетер деп болжағандар көп болды. Басылымдарда арнайы мақалалар да жазылып жатты. Бірақ, Куман маусым бойына, бар болғаны өткен жазда ғана басынан құрылған "Саутгемптонды" тоғызыншы орыннан төмен түсірген жоқ. Тіпті, екі айдан астам уақыт "Манчестер Сити", "Манчестер Юнайтед", "Арсенал", "Ливерпуль" сияқты кәрі қасқырларды артта қалдырып, үздік төрттіктен түспей жүрді. Әрине, маусым соңына дейін ол орынды сақтап қала алмады. Оны ешкім талап еткен де жоқ. Бірақ, клуб 7-ші орынға тұрақтап тарихындағы ең үздік көрсеткішке қол жеткізді. Енді, биыл команданы өрге сүйреген футболшыларды ізбе-із сата бермей, тағы да құрамды талантты ойыншылармен толықтырса Еуропа Лигасында да біраз жерге баруға болады. Үздік сценарий  Хонас Гутьеррес 2013-ш жылдың көктемінде "Ньюкаслдың" жартылай қорғаушысы Хонас Гутьерростың рак ауруымен ауыратыны белгілі болған еді.
"Ауруымды естіген күні үйге жылап келдім. Сол кезде футбол жайлы да, келісім-шарт жайлы да, емге етер қаржы жайлы да ойламадым. Бар арманым өмір сүру еді" 
Хонас Аргентинда емделуді жөн көріп, клуб басшылығынан ауру жайлы ешкімге тіс жармауды өтініп, Аргентинға аттанады. Ота мен емге кеткен қаржыны толықтай өзі төлейді. Футболға деген махаббатын айтсаңызшы. Ота жасалғаннан кейін, аз ғана уақыт өткен соң Англияға қайта оралып, командамен жаттығуға кіріседі. Химиялық емделуден де өтіп жүреді. Әріптестері болған жайды сұрағанда тіс жармайды. Шашының тақырлығын, жақын досына жеңілген соң алуға тура келгендігімен түсіндіреді. Жанкүйерлер де сүйікті футболшысының не себепті алаңға шықпайтынын түсінбеген еді. Онымен қоса, "Ньюкаслдың" сол кездегі бапкері Пардью  Хонасты алаңға шығармай, "Норвичке" жалға жібереді. Алайда, уақыт өте келе болған оқиға бәріне белгілі болып, Гутьеррос "Ньюкаслға" қайта оралады. Пардью да орнынан кетеді. Осы жылдың 4-ші наурызында футболшы алғаш рет "Манчестер Юнайтедке" қарсы ойында, кездесудің 65-ші минутында стадионға жиналған бүкіл жанкүйерлердің қошеметімен алаңға шығады. Ал, "Энфилдтағы" "Ливерпуль" жанкүйерлерінің қайсар футболшыға білдірген қошеметін көрсеңіз.. Талайлардың өмір жалмаған ауруды жеңгеннен кейін, футболға толықтай қайта оралып чемпионаттың соңғы турында өз командасын Чемпионшипке түсуден аман сақтап қалады. "Вест Хэмға" қарсы болған ойында бір гол салып, нәтижелі пас беріп, матчтың қаһарманы атанады. Маусым жаңалығы Сегіз айдың ішінде "Тоттенхэмның" жастар құрамындағы ойыншыдан, бағасы 40 миллион еуроға өскен футболшы. "Манчестер Юнайтед", "Реал Мадрид". Бүгінгі таңда өз сапында көргісі келетін командалар. Кейн жайлы талай жазды. Жазады да. Ағылшын футболының үміті. Маусымды қосалқы құрамда бастап, аяғына дейін 21 гол салып үлгерді. Ерен еңбегі үшін марапатталады FootballHD Awards. Английская Премьер-Лига Бұған сену де қиын. Стивен Джеррард "Ливерпуль" жейдесін киіп алаңға шықпайды. Келесі маусымда АПЛ-дың матчтарын қосқанда Стивиді көрмейтін боламыз. Ештеме мәңгілік емес. Бірақ, Лэмпард та, Джеррард та мұхит асып кеткенімен, ағылшын ұлтының мәңгілік мақтанышы болып қала бермек.   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×