Рафа Бенитес "патшалық клубты" баптамақ

03.06.2015, 02:24
Рафа Бенитес "патшалық клубты" баптамақ
Карло Анчелотти кеткелі бері, "Реал Мадридтің" келесі бапкері испандық маман Рафаэль Бенитес болады деген сөздер көпшілік аузынан түспеген еді. Ал, бүгін батыстың белді басылымдарының бәрі, Бенитестің Испания астанасына келіп, Флорентино Переспен кездесіп, үш жылға келісім-шартқа отырды деп жазып отыр. Бенитестің жылдық жалақысы төрт миллион еуроны құрайды. Сонымен қатар, "Реалдың" президенті мен жаңа бапкері команданы сапын нығайту жайын да сөз етіпті. Клуб Де Хеа, Серхио Агуэро, Марко Вератти, Артуро Видаль секілді футболшылардың шақырмақ ниетте. Бенитеске келер болсақ, бұл маманның жаттықтырушы қызметіндегі жеткен ең ірі жетістігі 2005-ші жылы "Ливерпульмен" Чемпиондар Лигасында топ жаруы. Сонымен қатар, "Валенсия" және "Челси" клубтарымен ішкі Еуропа Лигасының жеңімпазы атанған.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×