17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы айқын жеңіске жетті

01.06.2015, 19:53
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы айқын жеңіске жетті
31 мамыр күні 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Испанияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында екінші жолдастық матчын өткізді. Карлес Марторелл шәкірттерінің қарсыласы «Камбрилс» футбол академиясы болды.  Матч 4:0 есебімен қазақстандық футболшылардың пайдасына шешілді. Гол авторлары -  Марлен Айманов - дубль, Батыр Құдайбердінов және Жанәлі Пайруз. Қазақстан құрамасының сапында алаңға шыққан футболшылар: Гуров, Аманжол, Кусяпов, Сүйінов (К), Бортай, Орал, Жақыпбаев, Таласбаев, Құдайбердінов, Кан, Айманов. Оларды алмастырған футболшылар:  Пайруз, Жақсылық, Тұрсынбай, Тұрдиев, Кәрімов, Михайлов, Ярков, Серіков, Попов. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы келесі матчын 3 маусым күні «Эспаньол» футбол клубының жасөспірімдер командасымен өткізеді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×