Ағылшын Премьер-лигасына шолу

03.01.2014, 23:13
Ағылшын Премьер-лигасына шолу
Өткен маусымда 1989 жылдан бері алғаш рет “Тоттенхэм”, “Олд Траффордта” “Манчестер Юнайтедті” жеңіп көпшілікті таңғалдырған болатын. Ол әрине өткен маусым, қазір ше? Командалар басқа, жаттықтырушылар басқа дегендей. Юнайтедтің еншісінде осы ойынға дейін барлық турнирді қосқанда 6 жеңіс. “Тоттенхэм” де естен кетпес “қалалықтар” мен “Ливерпульден” жеңілісінен кейін қайта бас көтере бастағандай. Ойынға ван Перси, Нани, Феллиани, Рафаэл, Джонс “Манчестер” сапынан қатыса алмаса, Паулинью, Сандро, Таунсенд, Кабуль, Вертонген қонақтар сапынан жасыл алаңға шыға алмайды. Алғашқы минуттардан-ақ жасыл алаңның қожайыны кім екенін ескерткісі келгендей, “қызыл сойқандар” допқа иелік етіп, біраз шабуылдады. Соңғы шешуші соққы, шабуылды жемісті аяқтар пас жетіспеді. Смоллингтың соққысына Льорис тосқауыл бола білді. “Манчестердің” еншісінде доп та, терретория да болғанымен қалай шабуылдарын білмеді. Бірінші болып 34-ші минутта гол да өткізді, алаң иелері. Эриксеннің әуелетіп берген пасынан кейін, Адебайор баспен “футбол снарядын” қақпаға тоғытты. Үзіліске дейін қонақтар қарсыластарына есепті теңестіруге мүмкіндік бермей, оның есесіне оздерінде есепті еселуге мүмкіндік болды. Леннон оң қанатта Эвраны алдап өткенімен, Сольдадо оның пасын ұтымды пайдалана алмады. Екінші таймда бірінші таймның сценарийі қайталанды. Алаң иелерінің нәтижесіз шабуылдары. “Тоттенхэмнің” қорғаушылары сенімді ойнады. Тың ойыншылар қоспаса жағдайдың қиын болатынын түсінген Мойес, алаңға Эрнандес пен Кагаваны шығарды. Бұл тәуекел еді. Себебі алаңнан қорғаушы Смоллинг мен тіреуші жартылайқорғаушы Кэррик кетті. Тәуекелдің кейде күліп қарамайтыны бар. Бес минуттан соң Мойес шәкірттері 2-ші голды өткізіп жағдайды қиындатты. Гол авторы-Эриксен. Шведтың еншісінде нәтижелі пас пен қоса гол. Қалған уауытта “қызыл сойқандардың” күші , Уэлбектың голынан кейін есепті қысқартуға ғана жетті. Иә, тарих қайта қайталанды. Екі жыл қатарынан “Манчестер Юнайтед” өз алаңында “Тоттенхэмға” жеңілуде. Былтыр Алекс Фергюсонның ”Юнайтеді”, биыл Мойестың “Юнайтеді”. Бұл жеңіліс стратегиялық жеңіліс. “Тоттенхэмның” тас қамал қорғанысы мен қауіпті қарсы шабуылдарына Мойес қарсы айла таба алмады. Манчестер Юнайтед-Тоттенхэм-1:2(0:1) Голдар: Уэлбек 67 Адебайор 34 Эриксен 66 Жаңа, 2014 жылды “Арсенал” “Примьер-лиганың” көшбасшысы ретінде қарсы алды. Қызық жағдай: соңғы 4 маусым бойы, Жаңа жылды көшбасшы ретінде қарсы алған команда, маусым аяғында чемпион атанған. Бұл дәстүрді “зеңбірекшілер” жалғастыра ала ма? Бұл сұрақтың жауабын мамыр айында білетін боламыз, әрине. Ал, қазірге чемпионаттың ортасы. Жаңа жылдың бірінші ойыны Арсен Венгер шәкірттері үшін өте қиын болды. Бүкіл матч бойы “Арсеналдың” басымдылығында ешкімнің күмәні болған жоқ. Шабуылдың біразын жасады, жиырмаға жуық бұрыштама добы болды “зеңбірекшілер” еншісінде. қонақтар ұқыпты қорғана білді. Ойын есеп ашылмай аяқталатындай болып көрінген. Венгер өзінің шебер жаттықтырушы екенін кезекті рет осы матчта тағы дәлелдеді. Нәтижелі ойын өрнегімен көзге түсе алмаған Фламини мен Подольскидің орнына, Росицки және Бендтнер шықты. Осы екеуінің арқасында жеңіс голы салынды. Біріншісі шабуылды бастаса, екіншісі гол авторы. Төреші қосқан уақытта Тео Уолкотт екінші гол авторы атанды. Венгер шәкірттері осылай чемпионаттағы көшбасшылық орнын сақтап қалды. Ал, “Кардифф Сити” бұл жеңілістен кейін 17-ші орынға сырғыды. Арсенал-Кардифф Сити-2:0(0:0) Голдар: Бендтер 88 Уолкотт 90+2 Моуринью шәкірттері “Саутгемптонға” қонаққа барды. Бұл қалаға қонаққа бару кез келген “топ-клубқа” оңайға соқпасы анық. Маусымның басында төрттіктің арасында келе жатқан команда, енді “еурокубоктық орындардан” сырғуда. Ешбір команданың алдында оңайлықпен тізе бүкпейтін мінездері бар. Бірақ ойын біз күткендей болған жоқ. “Ақсүйектер” алаң иелерінің қорғанысын жермен-жексен етті. Бірінші таймда лондондық клубта басымдылық болғанмен, қақпа кілтін таба алмады. Матчтың қаһарманы екінші таймда алаңға тыңнан қосылған бразилиялық Оскар болды. Өзі гол авторы атанғанымен қоса, Торрес пен Вилланға голға айналған нәтижелі пас берді. “Арсеналдан” ұпай айырмасын 2 ұпайға қысқартқан “Челси”, алтынға таласын жалғастыруда. Саутгемптон-Челси-0:3(0:0) Голдар: Торрес 60 Виллиан 71 Оскар 82 Осыдан 2 аптадай уақыт бұрын, тоқтату мүмкін емес болып көрінген “Ливерпуль” екі рет сүрінді. Әуелі, “Манчестер Ситиден”, үш күн бұрын “Челсиден” жеңілді. Екі ойынның да сценарийі бір. Екі ойында да бірінші болып есеп ашты, екі ойында да жеңілді. Бұл біріншіден психологиялық проблема, екіншіден қосалқы құрамда, ойын барысында алаңға шығып, команданың ойынына күш беретін ойыншының болмауы. Қысқы трансферде “қызылдарға” жартылаййорқанысқа мықты ойыншы керек. Егер чемпиондықтан үміттері болса, әрине. Жаңа жылдың бірінші күнінде Роджерс шәкірттеріне қонаққа “Халл Сити” келді. 3 ұпайды еншілеуге болатын команда. Матч қаһарманы-Суарес. Ол еншілеген бұрыштама добынан кейін Аггер есеп ашса, екінші таймның 50-ші минутында уругвайлық “сұрмергеннің” өзі де ,таңғаларлықтай айып соққысынан кейін гол авторы атанды. Екі тур бойы күткен жеңісіне қол жеткізді “Ливерпуль”. Қызылдар үшін тағы бір жағымды жаңалық, алаңға Стиви Джидің оралуы. Ливерпуль-Халл Сити-2:0(1:0) Голдар: Аггер 36 Суарес 50 “Манчестер Сити” қарашаның басынан бастап, барлық турнирлерді қосқанда 11 матч бойы жеңілістің ащы дәмін татпауда. Оның өзі де біреуі ғана тең нәтиже, қалғаны жеңіс. Алдыңғы турда қарқыны мықты “Ливерпульді” тоқтатып, өткен турда аутсайдерлердің бірін жеңген “қалалықтар”, енді қонаққа “ортаң қол” команда “Суонсиге” барды. Жұлдызды қонақтар бірінші минуттардан-ақ ойын тізгінін өз қолдарына алып, 14-ші минутта Фернандинью есеп ашты. Бірақ, Пеллегрини шәкірттері үзіліске кетер алдында қақпаларына гол жіберіп алды. Қорғаушылардың емес, оффсайдты көрмей қалған қапталдағы төрешінің қателігін пайдаланған Бони есепті теңестіріп, жанккйерлерін қуантты. Бірақ бұл матчта алаң иелеріне, тіпті тең нәтижені еншілеуге, төрешілердің қателігі де көмектесе алмады. 58-ші минутта қара маржан Яя Туре есепті командасын алға шығарса, 8 минуттан сон қорғаушы Коларов есепті еселеді. Бони 91-ші минутта дубль жасап, матч нүктесін қойды. 3:2 есебімен жеңіске жеткен Пеллегрини шәкірттері турнир кестесіндегі екінші орнын сақтап қалды. Суонси-Манчестер Сити-2:3(1:1) Голдар: Бони 45+2 Фернандинью 14 Бони 90+1 Туре 58 Коларов 66 Ағылшын “Примьер-лигасының”, 20-шы турының қалған матчтарының нәтижелерімен таныс болыңыздар: Cток Сити-Эвертон-1:1(0:0) Голдар: Ассаиди 49 Бейнс 90+2(пенальтидан) Кристал Пэлас-Норвич-1:1(1:1) Голдар: Панчон 44(пенальтидан) Джонсон 39 Фулхэм-Вест Хэм 2:1(1:1) Голдар: Сидуэлл 32 Диаме 7 Бербатов 66 Сандерлэнд-Астон Вилла-0:1(0:1) Гол: Агбонлахор 15 Вест Бромвич-Ньюкасл-1:0(0:0) Гол: Берахино 87(пенальтидан)   Дайындаған: Фараби Әбдіхалық  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×