Айбар Жақсылықовтың голы «Жетісуға» жеңіс сыйлады

26.10.2020, 19:48
Бұл матчта қызыл қағазды да, соғылмаған пенальтиді де, әдемі голды да көруге мүмкіндік алдық.
Айбар Жақсылықовтың голы «Жетісуға» жеңіс сыйлады

Талдықорғандық "Жетісу" Премьер-лиганың 15-турында Қызылордалық "Қайсарды" сенімді түрде жеңді. Сегізбаев атындағы стадионда өткен матч 3:1 есебімен аяқталды.

Ойындағы алғашқы голды 29-минутта "Жетісу" ойыншысы Аслан Дарабаев соқты. Оның алыстан бағыттаған соққысы Александр Заруцкийдің қателігінен кейін қақпа торынан табылды. 41-минутта "Қайсар" шабуылшысы Колев қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Ал 48-минутта Элвин Фортес допты тоғыздыққа топ еткізіп, есепті теңестірді.

Кездесудің 53-минутта "Жетісу" қақпасына пенальти белгіленіп, Федин бұл мүмкіндікті пайдалана алмады. Оның жасаған соққысын Алмат Бекбаев қайтара білді. 71-минутта Мавутор баспен гол соғып, командасын алға шығарды. Ал араға 9 минут салып Айбар Жақсылықов екі ойыншыны алдап өтіп, әдемі голдардың бірін соқты.


Көптен күткен үш ұпайға қол жеткізген "Жетісу" 19 ұпаймен алтыншы орынға тұрақтады. 20 ұпайы бар "Қайсар" бесінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×