Килиан Мбаппе ПСЖ тарихындағы үздік ойыншылардың символикалық құрамын жасақтады

26.10.2020, 18:35
Бұл тізімге Неймар мен өзін қоспапты.
Килиан Мбаппе ПСЖ тарихындағы үздік ойыншылардың символикалық құрамын жасақтады

Клубтың құрылғанына 50 жыл толуына орай "Пари Сен-Жермен" ойыншыларына команда тарихындағы үздік ойыншылардың символикалық құрамын жасақтау туралы тапсырма берілді. Француз шабуылшысы Килиан Мбаппе өз тізімін жасады.

Қақпашы: Бернар Лама.

Қорғаушылар: Дани Алвес, Тиаго Силва, Марио Йепес, Максвелл.

Жартылай қорғаушылар: Тиаго Мотта, Мустафа Дахлеб, Юрий Джоркаефф, Роналдиньо.

Шабуылшылар: Златан Ибрагимович, Педру Паулета.

Килиан Мбаппе ПСЖ-ға 2017 жылдың жазында "Монако" клубынан ауысқан еді. Алдымен ойыншы париждіктерге жалға берілді, ал бір жылдан кейін ПСЖ ойыншыны сатып алды. Жалпы құны 180 миллион еуроны құрады. Мбаппе Франция құрамасына 2017 жылдан бастап шақыртылып келеді. Ұлттық құрамамен бірге ол 2018 жылғы әлем чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×