Айдос Тәттібаев: «Біз топтық кезеңге шығу үшін бар күшімізді саламыз»

18.08.2021, 23:02
Мартин Тошевтің ертеңгі матчқа қатыспайтынын ескерсек, Айдос негізгі құрамнан шығуы мүмкін.
Айдос Тәттібаев: «Біз топтық кезеңге шығу үшін бар күшімізді саламыз»

«Шахтер» шабуылшысы Айдос Тәттібаев матч алдындағы баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді

- Мен және бүкіл команда бұл ойыннан жақсы нәтиже күтеді. Біз абыроймен өнер көрсеткіміз келеді. Матчты біз ғана емес, бүкіл Қарағанды, бүкіл Қазақстан күтіп отыр деп ойлаймын. Біз оң нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз.

- Ұлттық құрамаға шақырту алу сізге қосымша мотивация берді ме?

- Иә, ұлттық құрамада ойнау - бұл үлкен жетістік. Мен мансабымда алғаш рет ұлттық құрамаға шақырту алып отырмын және бұған өте қуаныштымын. Бірақ қазіргі уақытта мен клубқа пайдамды тигізу туралы көбірек ойлаймын. Ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына және біздің жаттықтырушыларға алғыс айтамын.

- Сіз қазір өзіңізді нағыз бабыма келдім деп айта аласыз ба?

- Қазіргі уақытта бұл менің мансабымдағы ең нәтижелі маусым болғандықтан, солай деуге де болады.

- Қазір ойыншылардың психологиялық жағдайы қалай?

- Клубтың ішінде қатты толқу бар деп айтпас едім. Барлығы жоғары көңіл-күймен дайындалуда. Плей-офф кезеңі, бәрінің көңілі көтеріңкі деп айтуға болады. Қазіргі уақытта ерекше толқу жоқ. Мүмкін ертең, алаңға шықпас бұрын пайда болатын шығар. Бірақ команданың жауынгерлік рухы бар, біз топтық кезеңге шығу үшін бар күшімізді саламыз деп ойлаймын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×