Айдос Тәттібаев: «Ойынға сақадай саймыз»

22.07.2021, 16:54
Матч Еуропа чемпионатының ойындарын қабылдаған Бухаресттегі Ұлттық стадионда өтеді.
Айдос Тәттібаев: «Ойынға сақадай саймыз»

Қарағандылық «Шахтердың» шабуылшысы Айдос Тәттібаев Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында румыниялық «Стяуа» клубына қарсы ойын жайлы пікірін айтты: 

– Барлық ойыншылар «ФКСБ» командасына қарсы ойынға сақадай сай. «Шахтер» Еурокубокте көптен бері өнер көрсетпеді. Қарағандылық футболдың түлегі болғандықтан, еурокубоктердің біздің қаламызға оралатыны мен үшін екі есе қуаныш болып табылады. 

 – Біздің стадионымыз жайлы ойыңыз? 

– Бұл осы жазда өткен Еуропа чемпионатының ойындарын қабылдаған жақсы стадион екенін білемін. Әзірге алаңға шықпадық, Аренаға енді ғана келдік. 

«Шахтер» ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×