Андрей Финонченко: «Шахтер» бұрындары да осындай турнирлерге қатысып, ел намысын лайықты түрде қорғаған»

22.07.2021, 16:38
Румыния астанасына команданың бас бапкері Магомед Адиев бара алған жоқ.
Андрей Финонченко: «Шахтер» бұрындары да осындай турнирлерге қатысып, ел намысын лайықты түрде қорғаған»

«Шахтер» ФК бас бапкерінің көмекшісі Андрей Финонченко «Стяуа» - «Шахтер» ойыны қарсаңында тілшілердің сауалдарына жауап берді. 

– Өткен маусымда «Шахтер» чемпионатта 4 орынға тұрақтап, еурокубокке жолдама алды. Біздің командада еуропалық аренада алғаш рет ойнайтын жастар бар. Бұл - үлкен тәжірибе. Біз бүгін тарихы бай, мықты қарсыласпен ойнаймыз. Матчқа байсалды түрде қараудамыз, келесі кезеңге өту үшін бар күшімізді саламыз. 

– Мамандар сіздің командаңыздың бухаресттік клубтан деңгейі төмен екендігін айтуда... 

– Еуропалық жарыстарға өз елінің ең үздік командалары ғана қатысады. Мұнда осал команда жоқ. «Шахтер» бұрындары да осындай турнирлерге қатысып, ел намысын лайықты түрде қорғаған. Барлығы футбол алаңында шешіледі. 

– Ертеңгі қарсылас жайлы не айтасыз? 

– Біз қарсыласты зерттеп, олардың ойындарын қарадық. Командада тәжірибелі әрі жас ойыншылар бар. Жақында олардың ойыншысы италиялық «Пармаға» ауысқанынан хабардармыз. Командадан Попесканы атап өткім келеді, ол жас әрі талантты ойыншы. 

– Ойын қалай аяқталады деп ойлайсыз? Сіздің командаңыз қалай ойнайтын болады? 

– Біз «ФКСБ» клубының жанкүйерлер қолдауымен алғашқы минуттардан допқа иелік еткісі келетінін түсінеміз. Біздің командаға келсек, біз қорғаныста мығым ойнап, шабуылда өз мүмкіндіктерімізді пайдалануға тырысамыз. 

«Шахтер» ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×