Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Шахтер" шабуылшысы Айдос Тәттібаев Қазақстан құрамасының қыркүйек айындағы ойындарына шақырту алды.
31 жастағы шабуылшының қазір бабында тұр. Соңғы 4 ойында 8 гол соқты және Қазақстан Кубогінің үздік сұрмергені болып табылады. Одан бөлек, соңғы минуттарда "Стяуа" қақпасына гол соғып, командасының жеңісіне үлкен үлес қосты. Пенальти сериясында да шешуші соққыны жасап, "Шахтердің" келесі кезеңге өтуіне көмектесті.
Айта кетейік, қыркүйекте Талғат Байсуфинов шәкірттері үш кездесу өткізеді: өз алаңында Украинаға қарсы, ал сырт алаңда Финляндия және Босния мен Герцеговина құрамасына қарсы ойнайды.
Біздің серіктес: FONBET