«Әйелдерге мүлде келмейтін ойын...»

Қадірбек Ырысты
Бас редактор
23.04.2020, 13:49
Әйелдер футболын қызықтауға стадионда 10 мыңға жуық адам жиналған.
«Әйелдерге мүлде келмейтін ойын...»

"Престон Норд Энд" ағылшын клубы әйелдерге матчқа кіруге рұқсат берген алғашқы клуб еді. Бұл шешім трибуналарда жиі орын алатын қақтығыстарды азайту мақсатында қабылданған. 1885 жылғы ойынға 2000-ға жуық қыздар келген және оларға кіру тегін болған. Арада 9 жыл өткеннен соң орта тап өкілі әрі феминист Нетти Ханнибол (нақты аты-жөні әлі күнге белгісіз) «Британские леди» әйелдер футбол клубына қабылдау туралы газетке хабарландару жариялады. 30 қыз қабылданып, 1895 жылдың наурыз айында «Кроуч Энд» стадионында солтүстік және оңтүстік Лондонның әйелдер командалары арасындағы бірінші матч өтті.

Әйелдер футболын қызықтауға стадионда 10 мыңға жуық адам жиналған. Олардың ішінде журналистер де болғандықтан мұрағаттан естеліктер табуға болады.

Jarrow Express, 29 наурыз 1895 жыл: «Әйелдердің өздеріне тән емес іспен айналысқанын тамашалау әрдайым қызықтырады. Сол себепті 10 мыңға жуық көрермен болғаны ешкімді таң қалдырмайтын секілді».

Daily Sketch, 27 наурыз 1895 жыл: «Біз көрген пьесаны сипаттау мүмкін емес. Алғашқы минуттардан-ақ әйелдерге мүлде келмейтін ойын екенін түсінуге болады. Футбол жылдамдықты, ептілікті, ойлауды және озбырлықты талап етеді. Ал сенбі күні бұл қасиеттердің ешқайсысын біз алаңнан байқамадық. Ханымдар жайбарақат жүріп, тіпті бірінші таймнан кейін қақпа ауыстыруды ұмытып кетті».


Клуб кейін де қайырымдылық мақсатында кездесулер өткізді. Алайда көп ұзамай әйелдер футболына деген қызығушылық бәсеңсіді.

1914 жылы Бірінші Дүниежүзілік соғыста ер адамдар майданға аттанған уақытта зауыттар мен фабрикадағы әйелдер түс кезінде футбол ойнап бастаған. Қайырымдылық мақсатында ақша жиналатын болғандықтан Ұлыбритания билігі де қарсылық білдірмеді. 1917 жылға қарай командалар қатары едәуір көп болды.

Соғыс аяқталғаннан кейін көп қыздар жұмыс орнынан айрылған, бірақ футболға деген махаббаттан емес. Нәтижесінде 1919 жылы сол кездегі танымал команда «Дик Керр’с Лэдис» «Ньюкасл Юнайтед Леди» командасына қарсы ойын өткізіп, жиналған қаржыны соғыстан кейін зардап шеккен әскери қызметкерлерге берген. 1921 жылдың өзінде 67 матч өткізген.

Шахта қызметкерлерінің жалақысын Үкімет 50% қысқартқаннан кейін, «Дик Керр’с Лэдис» командасы сол жерде қайырымдылық ойынын өткізеді. Осы оқиғадан кейін команда саяси құрал ретінде немесе қаржылық түсініспеушілік секілді тақырыптағы сынға ұшырады.

1921 жылдың 5 желтоқсанында Футбол қауымдастығы мәлімдемесінде: «Қауымдастыққа түскен шағымдар нәтижесінде Кеңес келесідей шешім шығаруға тура келді. Футбол – әйелдер үшін мүлде жарамсыз спорт түрі. Шағымдарда кейбір ойындар ақша табу мақсатында өткенін көрсетті. Матчқа арналған шығындар тым көп, ал қайырымдылықтан түсетін пайда аз. Сондықтан Кеңес Қауымдастыққа кіретін футбол клубтарынан әйелдерге ойын алаңдарын бермеуді сұрайды».

Ұлибританиядан кейін Еуропаның қалған елдері де әйелдер футболына тыйым салып, командаларды таратуға мәжбүрледі. Дәл осы себептермен әйелдер футболы дамуы 30 жылдай тарих тоқырауында болды.

Алғашқы ресми халықаралық матч 1971 жылы Нидерланды мен Мексика құрамалары арасында өтті.

Алғашқы Еуропа чемпионаты - 1982 жылы.

Алғашқы Әлем чемпионаты – 1991 жылы.

Олимпиада ойындарына әйелдер футболы 1996 жылы қосылды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×