Сербиялық футболшыларды сүйреп жүрген агент кім?

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
22.04.2020, 14:08
Көпшілікке кеңінен танымал емес, бірақ клиенттік базасы ең үлкен футбол агенттерінің бірі – Фали Рамадани.
Сербиялық футболшыларды сүйреп жүрген агент кім?

Көпшілікке кеңінен танымал емес, бірақ клиенттік базасы ең үлкен футбол агенттерінің бірі – Фали Рамадани. Македония жерінде дүниеге келген агент туралы жеке ақпараттар өте аз. Бірақ оның футболшылары туралы ақпаратты іздеген адам оп-оңай табады.

Рамаданидің клиенттерінің басым көпшілігі сербиялық футболшылар. Ол Миралем Пьянич, Анте Ребич, Лука Йович, Никола Калинич, Лука Миливойвич, Самир Ханданович секілді футболшылардың жұмыстарын жүргізеді.

Одан өзге, бұл тізімде Дженгиз Ундер, Маркос Алонса, Джером Боатенг, Харис Сеферович, Диего Демме секілді ойыншылар бар.

Фалидің ең қымбат футболшысы – Калиду Кулибали. Сонымен қатар бұл агент питерлік «Зенттің» шабуылшысы Сердар Азмунның шаруларын шешеді.

51 жастағы агенттің ең бағалы клиенті – Маурицио Сарри. Дәл осы агент Сарриді «Челсиден» кетіп, «Ювентуспен» келісімшарт жасауға септігін тигізген. Сарриден басқа Марк Вилмотс, Владимир Ивич деген бапкерлердің агенті.

Негізі Рамаданидің Lian Sports деген агенттік компаниясы бар. Кеңсесі Берлинде орналасқан. Бұл компания Батыс Еуропада жұмыс істейді. Қазіргі уақытта бұл компанияның Түркия, Сербия, Израиль, Албания, Македония, Франция және тағы бірнеше елдерде филиалдары бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×