Айымбетовтың жалақысы белгілі болды

Ізғали Рымбек
Бас редактор
02.02.2024, 08:08

Қазақстандық шабуылшы Түркия чемпионатында қанша жалақы алады деп ойлайсыз?

Айымбетовтың жалақысы белгілі болды

Түркиялық инсайдерлермен хабарласып мән жайды анықтап көрдік. Олардың айтуынша Абат Айымбетов “Адана” клубынан айына 30 мың ақш доллары көлемінде жалақы алады екен. Себебі, түркиялық клуб қазіргі таңда жылына 1 миллион еуродан 4-5 ойыншыға жалақы төлеп отыр екен. Ал командадан кеткен Мамаду Ньянгтың жалақысын 2-3 футболшыға бөліп тастауды дұрыс санаған. Сонда шамамен Абат Айымбетов 16 миллион теңге көлемінде жалақы алады деген сөз. Түркия чемпионатында өнер көрсететін қазақстандық футболшы үшін бұл тамаша сома деп есептейміз. Ал отандасымыз Бақтиер Зайнатдинов айына 80 мың доллар жалақы алатыны жайлы осыған дейін де жазылған еді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×